Бүгін қала әкімі Мұрат МҰҚАЕВ тұрғындарға көрсетілетін коммуналдық қызметтер сапасын бақылау мақсатында "Жайықжылуқуат" АҚ және "Батыс Су арнасы" ЖШС коммуналдық кәсіпорындарына барды.
Сапар барысында ол кәсіпорынның инженерлік-өндірістік персоналының жұмысымен, суды қыздыру және тазалау үшін пайдаланылатын жабдықтардың жай-күйімен танысты. "Батыс Су арнасы" ЖШС-де суды тазартудың бірнеше кезеңдері жүргізіледі. 
Кәсіпорын инженерлерінің айтуынша судың ластануы ескі құбырлардан, құбырларға қақ тұруына байланысты немесе қоқыспен толып қалғандықтан болады дейді. 
Қала әкімі коммуналдық кәсіпорын басшылығына тұрғындарға көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылауға, тұрғындардың өтініштеріне жедел жауап беруге және судың сапасына шағым түскен үйлердің кооперативтерімен жұмыстануды тапсырды.