Хабарлама

 

Орал қалалық әкімдігі 2017 жылы  12 желтоқсан күні 11-00 сағатта Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1, үлкен мәжіліс залы мекен-жайында коммерциялық бағыттағы объектілер құрылысы үшін жер учаскелерін жалдау құқығын сату бойынша аукцион өткізеді

 

Байқауда жалдау құқығын сату үшін ұсынылған жер учаскелерінің тізімі

 

р/с

Сауданы өткізу тәсілі  мен әдісі

Құқықтан айыру түрі

Жер учаскесінің алаңы (га)

Нысаналы

Мақсаты

Жер учаскесінің

орналасқан жері

Бастапқы құны, теңге

Кепілдік жарнасы

1.

Аукцион (ағылшындық әдіс)

3 жылға  жалдау құқығы

0,0676

ғимарат құрылысына және оған қызмет көрсету үшін

Круглоозерное кенті, Атамекен шағын ауданы, Ақбұлақ және Бөгенбай көшелерінің қиылысында             

47455,2

2372,76

2.

Аукцион (ағылшындық әдіс)

 

3 жылға  жалдау құқығы

0,0627

ғимарат құрылысына және оған қызмет көрсету үшін

Круглоозерное кенті, Атамекен шағын ауданы, Сыпыра жырау және Көкпар көшелерінің қиылысында

44015,4

2200,77

3.

Аукцион (ағылшындық әдіс)

3 жылға  жалдау құқығы

0,0400

 

ғимарат құрылысына және оған қызмет көрсету үшін

Деркөл кенті ТЖЖ-дағы (2 кезең), 33 және 22 көшелерінің қиылысындағы жер учаскесі

52416

2620,8

4.

Аукцион (ағылшындық әдіс)

3 жылға  жалдау құқығы

0,0400

 

ғимарат құрылысына және оған қызмет көрсету үшін

Деркөл кенті ТЖЖ-дағы (2 кезең), 8 және 23 көшелерінің қиылысында

52416

2620,8

5.

Аукцион (ағылшындық әдіс)

3 жылға  жалдау құқығы

0,2000

ғимарат құрылысына және оған қызмет көрсету үшін

Алаш және Қажымұқан көшелерінің қиылысында

327600

16380

 

Аукционды өткізу шарттары: Аукционды аукционшы өткізеді. Әрбір сауда-саттық объектісі бойынша аукцион аукционшының өз атауын, қысқаша сипаттамасын, аукционды өткізу әдісін, бастапқы баға мен бағалардың өзгеру қадамын хабарлауынан басталады. Аукцион ағылшындық әдіс бойынша өтізіледі (бастапқы бағасының өсуіне қарай). Аукционшы сауда-саттық процесінде қадамдардың өзгеруі туралы хабарлайды. Бұл ретте, қадам объектінің ағымдағы бағасының бестен он пайызына дейінгі шектерде өзгереді. Аукционшы объектінің бастапқы бағасы мен бағаның ұлғаю қадамын хабарлайды. Сауда-саттықта қатысушылардың нөмірді көтеруі бастапқы бағаны өсіреді, бірақ ол хабарланған қадамнан кем болмауы керек. Аукционшы объект бойынша аукционға қатысушылардың аукциондық нөмірлерін хабарлайды, бағаны бекітеді және оны өсіруді ұсынады. Аукционшы объект үшін неғұрлым жоғары баға ұсынған қатысушыны хабарлайды. Аукционшы объектінің соңғы бағасын үш рет қайталайды және басқа көтерілген нөмірлер болмаған кезде балға соғу арқылы аталған объектінің сатылғаны туралы хабарлайды. Сауда-саттық жеңімпазы анықталғаннан кейін сатушы сауда-саттық өткізу рәсімдерін, сондай-ақ сатып алу-сату шартын жасасу және оның талаптарын орындау жөніндегі тиісті міндеттерді орындамаған жағдайда, сатушы сауда-саттықта осы объект үшін шамасына қарай екінші баға берген қатысушыға (екінші сатып алушы) объектіні сатып алу құқығын береді;

Жер учаскелерінің жалдау құқығын сату шарттары және ауыртпалықтар (шектеулер) тізілімі: сатып алушы: аукцион өткізілетін күні оның нәтижелері туралы хаттамаға қол қоюға, «Орал қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ-мен Орал қаласы әкімдігінің тиісті қаулысы қабылданған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жер учаскесінің жалдау құқығын сатып алу-сату шартын жасасуға және ол бойынша міндеттерді орындауға,  игерілу шарттары туралы шартты жасасуға, жер учаскесін оның нысаналы мақсатына сай пайдалануға, қажет болған жағдайда, мүдделі тұлғаларға жер учаскесін шектеулі пайдалану құқығын (сервитут) беруге, жалдау төлемін уақытылы өтеуге міндетті, барлық жер учаскелерінде ауыртпалықтар (шектеулер) жоқ. .

Сауда-саттықта белгіленген учаскенің аукциондық құны 50% мөлшердегі аванстық төлем сатып алу-сату шартына қол қойылғаннан кейін банктік 5 күннен кешіктірілмейтін мерзімде төленеді, ал қалған сома сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 30 күннен кешіктірілмей енгізілуі қажет.

Ескерту: Кепілдік жарна әрбір сауда-саттық объектісі бойынша бөлек енгізіледі.

Аукцион қатысушысы ретінде тіркелу үшін:

жеке тұлғалар үшін: 1) аукционға қатысуға өтінімді; 2) кепілдік жарнаның енгізілгендігін растайтын төлем құжатын; 3) өкілеттің өкілеттілігін куәландыратын құжатты;

заңды тұлғалар үшін: 1) аукционға қатысуға өтінімді; 2) кепілдік жарнаның енгізілгендігін растайтын төлем құжатын; 3) резидент емес тұлғалар сауда-саттық тізілімінен заңдастырылған үзіндіні немесе шетелдік заңды тұлғалар шетел мемлекетінің заңнамасы бойынша заңды тұлға екендігін куәландыратын, мемлекеттік және орыс тілдеріне нотариат куәландырған аудармасы бар басқа заңдастырылған құжатты береді; 4) өкілеттің өкілеттілігін куәландыратын құжатты ұсыну қажет.

Көшірмелердің дұрыстылығын растау үшін түпнұсқалары салыстыру үшін беріледі.

Аукцион қатысушыларын тіркеу ақпараттық хабар жарияланған күннен бастап жүргізіледі және аукцион басталғанға дейін жиырма төрт сағат бұрын аяқталады. Аукцион қатысуға өтініштер мына мекенжайда қабылданады: Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1, 2п- кабинет анықтама үшін телефон: 8 (7112) 50-08-75.