9 шілде күні облыс басшысы Ғ.Есқалиев қала активімен Орал қаласының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін талқылады. Кездесуде Орал қаласын дамыту бойынша бірқатар тапсырмалар берілді. Жиын соңында облыс әкімі өзінің қоғамдық өкілдерін таныстырды. Облыс орталығындағы беделді тұлғалар Вениамин Мұқатаев, Ғалым Орынғалиев, Станислав Качало, Светлана Бисенбаева және Валентина Миxно облыс әкімінің қоғамдық өкілдері болды.