Орал қаласының әкімі Мұрат Мұқаевтың шақыртуымен бүгін модельер, дизайнер Ақкенже Девятко кездесуде болды.

Ақкенже Девятко қала келбетін ерекше көркейте түсетін, арт-нысандар мен заманауи мүсіндердің жобасын ұсынды. Дизайнердің ойынша, айшықты арт-нысандар қаланың символына айналып, қаламыздың жандануына жаңа леп береді. Ұсынылған әрбір өнер туындысының өзіндік мағынасы да әр бөлек. Аталмыш мүсіндер әр түрлі материалдардан жасалып, түпнұсқасында жалпы ұзындығы 2-6 метрдей болады.

Қала басшысы заманауи мүсіндерді орнату идеясын жоғары бағалап, қалалық ландшафт үшін бірнеше жобаны таңдауды жоспарлап отыр.