Құрметті оралдықтар! Облыс орталығында қаланы абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау мақсатында 21 қыркүйек пен 21 қазан аралығында дәстүрлі тазалық айлығы жарияланды. Тазалық айлығы аясында көшелер, аулалар, саябақтар мен гүлбақтар аумағы, өзен жағалаулары мен арықтар тазартылады. Шаһарды шырайландыру шараларына барлық кәсіпорындар, кәсіпкерлік нысандары, пәтер иелері кооперативтері мен тұрғындарды белсенді ат салысуға шақырамыз.