10 тамыз күні ескі қала аумағында қалалық әкімдік қызметкерлері және қала жастарының қатысуымен сенбілік өтті. Тазалық жұмыстарына 250-ге жуық адам қатысып, қала көшелеріндегі қатты жел салдарынан сынған ағаштар мен қоқыстарды жинады. Сенбілікке жеке ұйымдар мен «ЖайықТазаҚала» ЖШС ұсынған 15 бірлік техника тартылды. Бұл күні Чапаев көшесімен Құрманғазы көшесінен Н.Назарбаев даңғылына қарай, Ғ.Тоқай көшесімен Құрманғазы көшесінен Н.Назарбаев даңғылына қарай, Савичев көшесімен Құрманғазы көшесінен Н.Назарбаев даңғылына қарай, Дәулеткерей көшесімен Құрманғазы көшесінен Н.Назарбаев даңғылына қарай, Карев көшесімен Құрманғазы көшесінен Н.Назарбаев даңғылына қарай, Фрунзе көшесімен Құрманғазы көшесінен Н.Назарбаев даңғылына қарай, Досмұхамедов көшесімен Құрманғазы көшесінен Н.Назарбаев даңғылына қарай көшелер коқыстан тазартылды. Сенбілік қорытындысы бойынша 206 текше метр терек талдары қала сыртына шығарылды.