Бүгін Абай алаңында 14 наурыз Көрісу айт күніне арналған "Қош келдің, жаңа күн!" атты театрландырылған мерекелік шара оздырылды. Шара алдында облыс әкімінің орынбасары Ғ.Оспанқұлов пен қала әкімі М.Мұқаев құттықтау сөз сөйлеп, ізгі тілегін білдірді. Одан әрі алаңда тосын сыйлар мен ұлттық ойындар, қолөнер бұйырдарның көрмесі, бауырсақ пен ақтан дәм ұсынылып, ән-жырдан шашу шашылды. Мерекеге жиналған ағайын құшақ жая көрісіп, бір-біріне амандық-саулық тіледі.