Қала әкімі Мұрат МҰҚАЕВТЫҢ тапсырмасы бойынша 2018 жылдың 15 қаңтарында өткен Желаев селолық округі әкімінің халықпен есептік кездесуінде түскен сұрақтар мен ұсыныстарды жүзеге асыру мақсатында Желаев ауылында балалар мен жастар үшін мұз айдыны құйылды. Сонымен қатар осы ауылдың тұрғынына үйіне газ есептегішін орнатуға көмек көрсетілді.