Бүгін Ұлы Отан соғысының ардагері Тумина Татьяна Андриановна 95 жасқа толды.

Ардагерді туған күнімен құттықтауға қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары О.Исаева мен ішкі саясат бөлімінің бас маманы А.Курманалиева барып, қала əкімі М.Мұқаевтың құттықтау хаты мен арнайы сыйлықтарды табыстады.

Үйіне құттықтай келгендерді жылы шыраймен қарсы алған қарт майдангер отты жылдарды есіне алып, 2-ші Украина майданында 147 запастағы майдан полкінде болғанын айтып, қонақтарына ән шырқап берді.

Ардагер әжемізге зор денсаулық пен ұзақ ғұмыр тілейміз!