Қаламыздың коммуналды мекеме қызметкерлері қазіргі уақытта қолайсыз ауа райының салдарымен күресуде. Кеше, түс мезгілінен кейін қатты жел соғып, дауыл тұруының салдарынан қала аумағында ағаштар құлап, желілер үзілді. Құлаған ағаштарды кесіп, шығару жұмыстарына "Жайық Таза қала" мекемесінен 10 жүк көлігі, 6 бригададан тұратын 60 жұмысшы жұмылдырылды. Сонымен қатар, "Астана-Құрылыс" және "Жайық Жарығы" мекемесінің жұмыс бригадалары апаттың салдарын қалыпқа келтіру жұмыстарын атқаруда. Құрметті қала тұрғындары сақтық шараларын сақтаңыздар. Жүргізушілерден өз кезегінде көліктеріңізді тек рұқсат етілген жерлерде қалдырып, қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз!