Бүгін «Smart City» тұжырымдамасының аясында «Қазпошта» АҚ БҚОФ, «Батыс Су Арнасы» ЖШС және «Жайыктеплоэнерго» АҚ арасындағы Бірыңғай есеп орталығына коммуналдық қызметтерді қосу меморандумға қол қою іс-шарасы өтті. 
Бірыңғай есеп орталығы – тұрғындар үшін комиссиясыз барлық коммуналдық төлемдерді бір орталықтан төлеу үрдісін ыңғайландыру мақсатында құрылған жүйе. 
Абоненттер әр компаниядан эр түрлі уақытта бірнеше түбіртек алмайды және оның орнына бар болғаны бір құжат беріледі. Сондай-ақ комиссиялық ақы да бір түбіртек үшін төленеді. Бұл дегеніміз берешекті төлеуде ақшамыз бен уакытымызды үңемдейді. Өз кезегінде коммуналдық кызметтердің шот-хабарламаларды жасауға, басып шығаруға, жеткізуге, қолма-қол ақшаны инкассалауға, меншікті кассаларды ұстауға жэне көптеген процестерді сүйемелдеуге жұмсалатын шығындары азаяды.
Бірыңғай түбіртек бойынша коммуналдык төлемдерді Қазпошта бөлімшелерінде, post.kz (комиссиясыз) порталы және екінші деңгейдегі банктер сервистері аркылы төлеуге мүмкіндік болады (Каsрі Ваnk, Казкоммерцбанк, Халык банк, КИВИ төлем жүйесі және т.б.). Қазпошта бөлімшелерінде төлегендер үшін комиссия - 0 теңге.