Қала әкімі Мұрат Мұқаев Орал қаласының Гагарин көшесі №1/1 мекен-жайындағы апатты үйдің орнына мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салынып жатқан 9 қабатты (126 пәтерлік) көпқабатты үйдің құрылысын бақылады. Құрылысты «Караванный путь» ЖШС жүргізуде.