Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков қаладағы жолаушылар тасымалдауымен айналысатын бірқатар автокәсіпорын иелерімен кездесті. Қала басшысы автобус парктерінде болып, басқару жүйесімен және мекеме инфрақұрылымымен танысты.

Бүгінде Орал қаласында жолауылар тасымалымен айналысатын «Акжол-Авто» ЖШС, «Батыс Дилижанс» ЖШС, «ЗКАП» ЖШС, «Оралавтотранс» ЖШС, «ПАП №1» ЖШС және «УралТехСервис» ЖШС атты 6 мекеме жұмыс жасауда. Күнделікті қала көшелерінде барлығы 445 көлік, атап айтқанда 312 автобустық маршрут, 133 шағын маршруттық автобус қызмет көрсетеді. Олар 28 қалалық, 10 саяжайлық және 6 қаланың шет аймақтары бағыты бойынша қатынайды. Аталған автокәсіпорындар соңғы 2 жылда 40-тан астам жаңа автобус сатып алған. Шаһар басшысы жолаушы тасымалымен айналысатын мекеме басшылары назарын тасымалдау сапасына аударып, жұмысқа жауапкершілікпен қарауды айтса, мекеме басшылары мемлекет тарапынан субсидия құны өссе деген тілектерін білдірді