Бүгін облыс әкімі Алтай Көлгінов шаһардағы «Ет комбинаты» ауданындағы қарды тазалау жұмыстарын тексерді. Бүгінде «Жайық таза қала» мекемесі тәулік бойы қарды тазалау жұмыстарын жалғастыруда. Қазіргі таңда Орал қаласынан 900 мың текше метрден астам қар шығарылды. Қаланы қардан тазалау жұмыстарына қосымша жол, құрылыс компанияларының техникалары жұмылдырылды. 
Қаланы аралау барысында облыс әкімі қар тазалау жұмыстарын жеделдетуді және су басу қаупі бар жерлерде қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды.