22 ақпан күні Орал қаласы әкімінің м.а М.Нұржанов Шымкенттік бейтаныс қызға өз бүйрегін сыйға тартқан Абзал Әділовты қабылдаған болатын.

Абзалға денсаулық жағдайына байланысты физикалық ауыр жұмыстар жасауға болмайтындықтан, Орал қаласы әкімдігі Абзалды «Квант» ЖШС-не жұмысқа орналастырды.

Алдағы уақытта әкімдік тарапынан Абзалға «Электрик КИПиА» мамандағын алуға көмек көрсетілетін болады.

Жұмысқа орналастыруға жәрдемдескен әкімшілікке Абзал өз ризашылығын білдірді.