Қалада бағдаршамдарды жедел қалпына келтіру жұмыстары жүргізуде. Кешегі қатты жел бағдаршамдар мен электр желілерінің істен шығуына әкеліп соқты. Қазіргі уақытта «Жайық Жарығы» ЖШС жөндеу тобы істен шыққан бағдаршамдарды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жұмыс күнінің соңына дейін аяқтау жоспарланған.