28 тамыз күні Х. Бөкеева атындағы қазақ драма театрында ұстаздар қауымы үшін дәстүрге айналған тамыз кеңесі өтті. Тамыз кеңесі – білім саласындағы жаңалықтарды жариялап, алыс-жақын болашағынан хабар беретін тың ой, жаңа көзқарастармен бөлісетін жиын.

Қалалық білім беру жүйесі қызметкерлерінің биылғы педагогикалық кеңесі «Келешекке - кемел біліммен» тақырыбымен өтті. Келелі кеңеске Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков, БҚО білім басқармасының басшысы Айымгүл Тржанова, қалалық мәслихат депутаттары, білім беру ұйымдарының басшылары, ардагер ұстаздар қатысты.

Конференцияда білім саласын басқарудағы өзгерістер, сонымен қатар инновациялық идеялар мен ұсыныстар талқыланды. R4 Technology & Research Center орталығының директоры Тусюбжанов А.Б "STEM -нің жаңа қырлары: білімді жаңғыртудың 10 жолы ","Zhasprojekt" жастар әлеуметтік жобасының менеджері Берккалиев А.Г. «"Zhasprojekt" корпусынын даму жобасы», "USTAZ PLC" мұғалімдерді кәсіптік оқыту орталығының академиялық директоры Имагалиев Н. К "Профессиональное развитие учителей - что, где, когда ? ", "USTAZ PLC" кәсіби даму орталығының тренері Хамидуллин А. А. "Влияние цифровой грамотности на деятельность и эффективность учителей ... ", №3 ЖОБМ директоры Юшина Л.Ю. "Эффективность взаимодействия попечительского совета и администрации школы как фактор повышения качества образования" тақырыбында баяндама жасады.

Қала әкімі Абат Шыныбеков ұстаздар қауымын келе жатырған Білім күнімен құттықтап, бірқатар ұстаздарды марапаттады.