Бүгін қала әкімі М.МҰҚАЕВ облыс әкімі А.КӨЛГІНОВТЫҢ атынан Ұлы Отан соғысының ардагері Минжан Ғабдолұлы Абдрахмановтың үйіне барып, туған күнімен құттықтады. 
Минжан Абдрахманов 1926 жылы 26 қарашада Сырым ауданының Жымпиты ауылында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысы жылдарында 49- шы қосалқы артиллериялық полкта, 13-ші оқыту автополкінде, 52-ші гвардиялық минометті полкінде еңбек етті. М.Абрахманов қайсарлығы үшін «Құрмет белгісі» орденімен, «Ұлы Отан соғысының ІІ дәрежелі» орденімен және «Жапония соғысындағы Жеңісі үшін», «Германия соғысындағы Жеңісі үшін», сондай-ақ, «КССР ІІД мінсіз қызметі үшін» медальдарымен марапатталған.
Қала әкімі өз сөзінде бүгінде Орал қаласында 63 соғыс ардагері, 4 мыңнан астам тыл еңбеккері бар екендігін және оларға мемлекет тарапынан тиісті деңгейде қолдаулар жасалып жатқандығын атап өтті.