Құрметті қала тұрғындары!
Күн сайын, сенбі және жексенбі күндерінен басқа күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін көп балалы және аз қамтылған отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек тағайындау мәселесі бойынша Call-орталығы 30 37 18 жұмыс істейді. 
Қабылдау орны: «Орал қаласы халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ Құрманғазы к-сі, 173/а, мекенжайы бойынша келіп жолыға аласыз. Жәрдемақы тағайындауға қатысы бар мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ басқа органдардың өкілдері қатысып (әділет департаменті, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі, "Тұрғынүйжинақбанк" АҚ т.б.) азаматтарды жеке қабылдау өткізеді.
Барлық тілек білдірушілерді атаулы әлеуметтік көмек тағайындау бойынша сұрақтар қоюға шақырамыз.