Білім беру бөлімінің ,,Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру ,, бағдарламасы аясындағы жоспарына сәйкес 2019 жылдың 31 қаңтар күні 19 ЖОББМ базасында ,, Қазақстандағы 100 жаңа есім " жобасының БҚО бойынша 2018 жылғы жеңімпазы, Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің ректоры Айтимов Ақсерік Сарыұлымен кездесу өтті. Кездесу барысында Ақсерік Сарыұлы еліміздің саяси-экономикалық жағдайы, қазақстандық патриотизм туралы сөз қозғап, оқушыларға жоғары оқу орындағы жобалар, өзге елдердің беделді білім ордаларымен байланыстары туралы мәлімет берді.Бұл кездесуден оқушылардың, ұстаздардың алған әсері мол.