Орал қалалық мемлекеттік кірістер басқармасы  көлік  салығын 2018 жылдың  31 желтоқсанына дейін төлеу қажет екенін  естеріңізге салады.

     Осыған орай жеке тұлғалар көлік салығын жергілікті тіркелген мекен жайы бойынша төлеу қажет.

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті сайтында  WWW.KGD.GOV.KZ   «Электрондық сервистер» / «Калькулятор»  бөлімінде  «Көлік салығын есептеу» қызмет көрсетуі көзделген. Ол қызметте 2018 жылдың  көлік салығын өз бетімен есептеп шығаруға болады.

    Төлемдерді «Казпошта» АҚ барлық бөлімшесінде  және екінші деңгейлі банктердің бөлімшелерінде төлеуге болады.

         Салықты электронды түрде eGov.kz порталында тіркелусіз  және электрондық цифрлық қолтаңбасыз, «Салық және қаржы» бөліміне кіріп – «Төлемдер» - «Салық және басқада бюджетке төленетін міндетті төлемдер» «Онлайн төлем» тапсырыс  беріп төлеуге болады. Салық төлеушінің  ЖСН/ БСН, Мемлекеттік кірістер басқармасының атауын, бюджеттік жіктеу кодын еңгізгеннен кейін жұмыс жүйесі автоматты түрде салықты төлеу бөліміне ұсыныс береді.  Барлық рәсімдер орындалғаннан кейін төлемнің өткенін растайтын электронды чек беріледі.

      Сонымен қатар төлемді екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы төлеуге де болады    (post.kz, kaspi.kz, homebank.kz т.б.)