2017 жылдың 26 қазанында 10:00-13:00 сағат аралығында Қазақ драма театрында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру үрдісіне барлық мүдделі мемлекеттік органдарды жұмылдыру және көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпараттандыру деңгейін көтеру мақсатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Орал қаласы әкімдігі мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментімен бірлесіп «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жәрмеңкесін» өткізу жоспарлауда. 
Жәрмеңкеге қатысуға ең көп қажет етілетін салалар (жер қатынастары, ТҮКШ, сәулет, денсаулық сақтау, білім және жұмыспен қамту) таңдалды.