Бүгін облыс əкімі орынбасары Бағдат Азбаев пен қала əкімі Мұрат Мұқаев шаһардағы түнгі кезектегі қар шығару жұмыстарын бақылады. Қардың мол түсуіне байланысты оны тасымалдау шаралары күндіз-түні жүргізілуде. Салыстыра айтатын болсақ, биыл өткен жылдан 8 есе көп қар шығарылды. Бұл бұрын соңды болмаған жағдай. 35 су тасқыны қаупі бар аумақтармен қатар қала орталығында қарқынды жұмыстар атқарылуда. 
Қыс бойы «Жайық таза қала» ЖШС қызметкерлері тәулік бойы үзіліссіз жұмыс жасап, 1 млн. текше метр ұлпаны қала сыртына шығарды.
Бүгінде 5 арнайы қар шығаратын полигон қарға толтырылса, 2 полигонның толуы жақын. Қазіргі таңда 14 мың текше метр су сорылды.