Тыл ардагері Айтмағамбетов Сұнғат Айтмағамбетұлына мерейлі 100 жасқа толуына орай, Орал қаласының әкімі Мұқаев Мұрат Рахметұлы атынан құттықтау хаты табыс етілді. Сұнғат Айтмағамбетұлы құрметті тыл ардагері және ғибратты ғұмырын ел қамына арнаған өңіріміздің ардақты азаматы. Соғыстан кейінгі жылдары халық шаруашылығын қалпына келтіру ісіне белсене атсалысқан азамат. Ауылшаруашылығы және мемлекеттік салада қажырлы еңбегі сіңген қызметкер. Мерейтой иесін шын жүректен құттықтай отырып, деніне саулық , отбасына аманшылық пен бақ-береке тілейміз.