Ұлы Отан Соғысының ардагері Кувшинов Иван Григорьевич 100 жасқа толды. Қала әкімі Абат Шыныбеков Ұлы Отан соғысы ардагерін туған күнімен құттықтауға шаңырағына барып, құрмет көрсетті. Иван Григорьевичке Ұлы Жеңіске қосқан үлесі үшін, бейбіт аспан үшін ризашылығын білдіріп, оған зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, қуаныш пен бақыт тілейміз.