Бүгін «Нұр Отан» партиясы Орал қалалық филиалының кезектен тыс XXIV конференциясы өтті. Филиал төрағасы Мұрат Мұқаевтың төрағалығымен өткен конференция жұмысына бастауыш партия ұйымдардың төрағалары, партия белсенділері, жасотандықтар қатысты. Жиында төрт мәселе қаралды. Алдымен, Елбасы Жолдауын жүзеге асыру аясында шаhардағы атқарылып жатқан жұмыстар туралы филиал төрағасы Мұрат Мұқаев баяндады. Күн тәртібінің келесі мәселесі жөнінде қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы, партия ардагері Кенжебай Әлжанұлы сөз сөйлеп, партияның жүріп өткен жолы мен бүгінгі тынысы туралы баяндап берді.Сонымен қатар, делегаттар партияның 20 жылдығына орай ұйымдастырғалы отырған съезде қабылданатын саяси ұйымның 2030 жылға дейінгі жаңа бағдарлама жобасымен танысып, өз ұсыныстарын ортаға салды. Соңғы мәселе бойынша облыстық конференцияға делегаттар сайланды.
Жиын соңында саяси ұйымның бағдарламалық мақсат-міндеттерін жүзеге асырудағы белсенділігі үшін бірқатар азаматқа қалалық партия ұйымының төрағасы Мұрат Рахметұлының алғыс хаттары табысталды.
#NurOtanBQO #Оралқалалықфилиалы 
#конференция  @nurotan_bqo