Бүгін Орал қаласы әкімі Мұрат Мұқаев тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады. Бүгінгі қабылдауда 10 қала тұрғыны көкейінде жүрген сұрақтарды қоя алды. Жеке қабылдауға келген тұрғындар өтінішінің негізгі сипаты тұрғын үй мəселесі, жұмыспен қамту жəне көпбалалы аналардың жағдайы туралы болды. Қала басшысы олардың барлық өтініштерін тыңдап, әр мәселе бойынша оларға түсініктеме, жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар берді.

Айта кетейік, жыл басынан бері "Ашық əкімдік" шарасы жəне əкімнің жеке қабылдауы арқылы 749 тұрғын қала əкімінің қабылдауында болған.