Бүгін Орал қаласында «Smart Uralsk» қызмет көрсету орталығы ашылды. Орталықтың мақсаты – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың цифрландыру туралы тапсырмасы аясында азаматтарға мемлекет тарапынан көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру. Сондай-ақ орталықтағы қызмет түрлері де көбейген. Мәселен бұрын 618 қызмет түрі көрсетілсе, енді олардың саны 641-ге өсті. 
Орталықтың салтанатты ашылуына қатысқан облыс әкімі А. Көлгінов бұл орын бір терезе қағидасы бойынша барлық қызмет көрсету мекемелерімен бірлесіп атқарылып отырғандығын айтты. - Елбасының цифрландыру, соның «бір терезе» қағидасы туралы тапсырмасына сәйкес ашылып отырған «Smart Uralsk» орталығы қызмет көрсету сапасын жетілдіруді көздейді. Мұнда қарапайым халық пен кәсіпкерлерге де қызмет көрсету орталығы, соның ішінде «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «Қазақинвест» ҰК, жергілікті атқарушы органдар мен басқа да салалардың өкілдері отыратын болады. Сондай-ақ құқықтық қызмет көрсетудің де қолжетімді әрі жедел болуын қамтамасыз ету үшін прокуратура қызметкерлері де көмек көрсетеді. 
Бір ғана мысал келтірсем. Бұрын кәсіпкер жер теліміне рұқсат қағазын алу үшін 14 мекемеге барып, әрқайсысына 5 күннен жоғалтатын болса, енді алдағы жылдан бастап осы қызметтердің бәрін электронды түрде бес-ақ күннің ішінде ала алады. Яғни қызмет көрсету мерзімі 14 есеге қысқарады, - деді облыс әкімі А.Көлгінов.