Бүгін Орал қаласы әкімінің орынбасары А.Қайсағалиевтың және «Кирпичный завод» ЖШС компаниясы басшылығының қатысуымен Некрасов көшесі 22 үй мекен-жайында орналасқан апаттық үйдің тұрғындарымен кездесу ұйымдастырылды. Аталған үй бір жарым ғасыр бұрын, нақтырақ айтқанда 1861 жылы іргетасы қаланған. Кездесу барысында апаттық және ескі үйлерді бұзу және олардың орнына жаңа тұрғын үй салу бойынша мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағдарламасына қатысты мәселелер талқыланды. Кездесу қорытындысы бойынша үйдің тұрғындары мен компания өкілдері аталған үйді бұзу және орнына жаңа 5-қабатты тұрғын үй салу туралы келісімге келді.