Бүгін үш күнге созылған, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған ерлер және мемлекеттік қызметкерлер арасында үстел теннисінен қала ашық турнирі өз мәресіне жетті. Турнирде ер адамдар 4 санат бойынша сынға түсті:

1. 40-49 жас ерекшелігі;

2. 50-59 жас ерекшелігі;

3. 60 жастан жоғары;

4. Абсолютка;

Мемлекеттік қызметкерлер жекелей ойын көрсетті.

Әр қатысушы жарысқа үлкен дайындықпен келген. Қатысушылар арасында қала спортшыларымен қатар көршілес елдің Смоленск және Ақтау қалаларынан келген қонақтарымыз да болды.

Марапаттау рәсімі Орал қаласының әкімі Мұрат Раxметұлы Мұқаевқа, "Naryn" спорт клубының директоры Эльмира Русланқызы Таспиxоваға, жарыс қатысушы, спорт ардагерi, қала қонағы Василий Михайлович Размазинге, үстел теннисінен Орал қаласының бас жаттықтырушысы Сарвара Ризоевнаға табысталды. Турнир жеңімпаздары дипломдармен, медальдармен, ақшалай және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Турнир әрі қарай дәстүрлі банкетпен жалғасты.