«Назар аударыңыз: демалыс!» ведомствоаралық профилактикалық акция шеңберінде Зашаған кентінде тұратын мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға көшпелі кеңес өткізілді. Іс- шара № 50 мектепке дейінгі ұйым базасында өтті.

Тұрғындарға Орал қаласы әкімі аппаратының, Зашаған кенті әкімі аппаратының, білім беру, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, Орал қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдерінің,полициясының, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері кеңес берді.

Кеңестің мазмұны бірқатар мәселелерді қамтыды, оның ішінде мемлекет және басқа да әлеуметтік институттар кепілдік берген көмек көрсету,балалардың мектепке дейінгі білім алуына қол жетімділігі, әлеуметтік жетімдік қаупін төмендету, шағын аудандарды абаттандыру және т.б.

Кеңестің қорытындысы бойынша қала әкімінің орынбасары азаматтардың мәселелерін тиімді шешуге бағытталған құрылымдық бөлім басшыларына бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Акция жалғасуда.