Орал қаласы бойынша қар тазарту жұмыстары белгіленген кестеге сай жүзеге асырылуда. Орталық көшелермен қатар іргелес орналасқан саяжайлар мен кенттерде жолдарды ретке келтіру үшін "Жайық Таза Қала" ЖШС-нің 91 арнаулы техникалары мен 220 адамы жұмылдырылған. Бір тәулікте бас шаһардан 7395 текше метр қар шығарылса, қыс басталғалы тасымалданған қардың көлемі 194 мың текше метр шамасында