Орал қаласы бойынша МКБ, «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу » туралы Заңына сәйкес, есепке алу-бақылау белгілерін сәйкестендіру аспатары болмаған жағдайда, алкоголь өнімдерін сақтауға және сатуға тыйым салынатындығын хабарлайды.

   Сонымен қатар,сіздердің назарларыңызды, заңда қолдануға рұқсат етілген аспаптардың белгіленген тізбесі көзделмегенін аударамыз.Алкоголь өнімін көтерме және бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын субъектілер нарықта ұсынылған аспаптардың түрлерін, егер ондай аспаптар ЕБМ маркаларының қорғау элементтерін айқындауға және ЕБМ-нан ақпаратты оқуға мүмкіндігі бар болған жағдайда, өз еркімен таңдай алады.


   Бугінгі таңда, Орал қаласы бойынша Кірістер Басқармасына 798 көтерме және бөлшек саудада алкоголь өнімдерін сатушылар тіркелді, оның ішінде 502 салық төлеуші есепке алу-бақылау белгілерін сәйкестендіру аспаптарын орнатқан, 296 салық төлеуші анықталмады.
Осы талаптарды орындамаған жағдайда, 01.03.2018 жылдан Мемлекеттік Кірістер органы акцизделетін тауарларды тәркілеумен бірге (тікелей құқық бұзушылық болып табылатын )75-тен 600 АЕК-ке дейін әкімшілік шаралар қолданады.


   Сұрақтар туындаған жағдайда,Орал қаласы бойынша Мемлекеттік Кірістер Басқармасы(Некрасов көшесі 30/1) акциздерді әкімшелендіру бөліміне 102 кабинетке жолығуыңыз сұралады.