Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың ,,Ұлы даланың жеті қыры"мақаласының ,,Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы"тарауында ұлттық өнерімізді кеңінен насиxаттау және ,,Нұр Отан"партиясының 20 жылдығына арналған ,,Ұлы даланың көне сарындары"дәстүрлі музыка фестивалі ,,Нұр Отан"орталық аппараты мен Батыс Қазақстан облыстық әкімдігінің қолдауымен, облыстық xалық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен 19 сәуір күні БҚО Орал қаласы Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында өткізіледі.Аталған іс-шараға Қазақстанның өнер майталмандары,жыршы-термешілер:Алмас Алматов,Жәкен Омаров,дәстүрлі әншілер Ерлан Рысқали,Щолпан Дәржанова,Гүлмира Сарина,күйші:Батыржан Мықтыбаев және Батыс Қазақстан облысының елімізге танымал жас өнер шеберлері қатысады.