25 қараша Орал қаласының әкімі Абат Шыныбековтың төрағалығымен қалалық әкімдікте Жол қауіпсіздігі мәселесі бойынша кеңес отырысы өткізілді. Жиында Орал қалалық Полиция басқармасы, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі, Білім беру бөлімінің баяндамалары тыңдалды.

Қазіргі уақытта қаладағы жарықтандырылмаған жаяу жүргіншілер өткелдерінде жарықтандыруды ұйымдастыру жоспары жасалды. Ағымдағы жылдың 18-24 қараша аралығында 12 жаяу жүргіншілер өткелі жарықтандырылса, осы аптада 15 жаяу жүргіншілер өткелін жарықтандыру жоспарланған. Жоғарыда аталған жұмыстар, ең алдымен, мектептер мен басқа да әлеуметтік нысандардағы қауіпті учаскелер мен жаяу жүргінші өткелдерінде жасалатын болады.