Қала әкімі Мұрат Мұқаев Круглоозерный ауылдық округінде болып, жаңадан сайланған ауылдық округі әкімін халыққа таныстырды.
Қалалық мәслихаттың депутаттары ағымдағы жылы 7 тамыз күні Круглоозерный ауылдық округінің әкімін сайлады. 
Сайлауға дейін екі кандидат тіркелген болатын, дауыс берудің қорытындысы бойынша кандидат Шахаров Аслан Беркімбайұлы 3 дауыс жинап, ал Нұршинов Кенесары Бекболатұлы 10 даусқа ие болды.
Сайлау комиссиясының шешіміне және қала әкімінің өкіміне сәйкес арнайы тексерістен өткенше Нұршинов Кенесары Бекболатұлы Круглоозерное кенті әкімінің міндетін атқарушысы болып тағайындалды. 
Мұрат Рахметұлы жаңадан сайланған әкімге жаңа қызметте табыс тіледі.


09.08.2017 19:49

Сақтап алу: