Бүгін қала әкімі Нариман Төреғалиевтің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру бойынша отырыс өтті. «Елбасының бағдарламалық мақаласы ХХІ ғасырдағы қоғамымыздың ұлттық сананы қалыптастыруда маңызы зор. Құжатта нақты меже айқындалып, рухани жаңғыруға арналған нақты міндеттер көрсетілген. Осы орайда, қала деңгейінде аталған міндеттерді іске асыру бойынша іс-шараларды айқындап мақалада көрсетілген идеяларды жүзеге асыру үшін барлық күш-жігерімізді салуымыз қажет», деді шаһар басшысы. 


04.05.2017 16:30

Сақтап алу: