Бүгін, 2017 жылдың 22 желтоқсанында қала әкімдігінің үлкен залында қала әкімі аппаратының басшысы С.Р.Нұртазаевтың төрағалығымен қала аумағындағы ПИК өкілдерімен бірыңғай есеп орталығына қосылу бойынша кеңес өткізілді. Кеңес барысында «Қазпошта» АҚ БҚОД директоры Д.Р.Хасанғалиева жаңа жүйенің басты артықшылықтары туралы баяндады.
Естеріңізге сала кетейік, облыс әкімінің тапсырмасымен «Smart City» тұжырымдамасының аясында барлық коммуналдық төлемдерді «Бірыңғай есеп орталығы» жүйесіне біріктіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бірыңғай есеп орталығы – тұрғындар үшін комиссиясыз барлық коммуналдық төлемдерді бір орталықтан төлеу үрдісін ыңғайландыру мақсатында құрылған жүйе.