Қала әкімі Мұрат Мұқаев Желаево ауылдық округінде болып, жаңадан сайланған ауылдық округі әкімін халыққа таныстырды.
Қалалық мәслихаттың депутаттары ағымдағы жылы 7 тамыз күні Желаево ауылдық округінің әкімін сайлады. 
Сайлауға дейін екі кандидат тіркелген болатын, дауыс берудің қорытындысы бойынша кандидат Ашығалиев Тимур Құбайдоллаұлы 13 дауыс жинап, ал Тлегенов Максим Тоқтамысұлы 0 даусқа ие болды.
Сайлау комиссиясының шешіміне және қала әкімінің өкіміне сәйкес арнайы тексерістен өткенше Ашығалиев Тимур Құбайдоллаұлы Желаево ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысы болып тағайындалды
Мұрат Рахметұлы жаңадан сайланған әкімге жаңа қызметте табыс тіледі.