2 тамыз - 30 қыркүйек аралығында әр сенбі күндері сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін Ихсанов көшесінің бойында ауылшаруашылығы тауарларының кеңейтілген жәрмеңкесі өтеді. 
Жәрмеңкені ұйымдастырудың басты мақсаты – шаруа қожалықтарына өз өнімдерін делдалсыз тұтынушыларға тікелей ұсынуға жағдай жасау. 
Аталған жәрмеңкеге Батыс Қазақстан облысының, сондай-ақ қала маңының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері өз өнімдерін саттыққа шығаратын болады. Қала тұрғындары мен қонақтарына үлкен көлемде түрлі бау-бақша, көкөніс өнімдері ұсынылатын болады.
Ауылшаруашылығы тауарын өндірушілерге сауда орындары тегін берілетін болады.


11.08.2017 17:33

Сақтап алу: