Бүгін қала əкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиев Гагарина 67 мекен-жайында орналасқан көп қабатты тұрғын үйлерді жаңғырту бағдарламасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. 
Жалпы қала бойынша 2017 жылы 7 көп қабатты тұрғын үй күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарда бар. 
Қазіргі уақытта екі үйге күрделі жөндеу жұмыстары басталды (Есқалиев көшесі және Гагарина көшесі 67), мердігер «БатысКурылыс» ЖШС болып табылады.


07.04.2017 14:20