Тұрғын үйлер құрылысы Қазақстанның даму стратегиясының басты бағыттарының бірі және жалпыұлттық мәнге ие маңызды жұмыстардың қатарында. Тұрғын үй «Нұрлы жер» инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасы бойынша «Болашақ» және «Домостроитель» тұтынушылар кооперативі тұрғын үй кезегінде тұрған отбасыларға және Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшыларына берілді.