Бүгін Орал қаласы әкімінің орынбасары А.Қайсағалиевтың және «Болашақ Т» құрылыс компаниясы өкілдерінің қатысуымен Деповская көшесіндегі 2/6, 2/7, 2/8 мекен-жайындағы апатты үйлердің тұрғындарымен апатты және ескі үйлерді бұзу және олардың орнына жаңа баспана салу бойынша мемлекеттік-жекеменшік серіктестік бағдарламасын түсіндіру және оған қатысу туралы кездесу өткізілді. Биылғы жылы Орал қаласында 7 апатты үйдің бұзылуы жүзеге асырылады деп жоспарлануда.