Құрметті Орал қаласының тұрғындары!

2019 жылдың 15 шілдесі сағат 20:00 бастап 16 шілдесі сағат 18:00 дейін, жол таңбалау жұмыстарына байланысты Мұхит көшесінен Айтиев көшесіне дейін Нұрпейсов көшесінің жолы жабылады.

Қоғамдық көлік қозғалысы Досмұхамедов көшесі арқылы, әрі қарай сұлбасы бойынша жүретіндігін хабарлаймыз.

Уақытша келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.