Құрметті Орал қаласының тұрғындары мен қонақтары!

9 маусым күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін «ЕЛ-ЫРЫСЫ» көтерме-бөлшек сауда базарында, Зачаган кентіндегі «ЖӘҢГІРХАН» сауда үйі алдында және ЫҚСАНОВ көшесі бойында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтетіндігін хабарлаймыз!

Жәрмеңкеде төмендегі өнімдер ұсынылады:

- «Ел-ырысы» көтерме-бөлшек сауда базарында: (ет, балық және сүт өнімдері);

- Ықсанов көшесі бойында: (бақша, жеміс-жидек өнімдері, бал, жұмыртқа, шұжық, консерві өнімдері, қайта өндеу өнімдері жəне тауық балапандары сатылатын болады);

- Зачаган кентіндегі «Жәңгір хан» сауда үйі: (бақша, жеміс-жидек өнімдері, бал, жұмыртқа, шұжық, консерві өнімдері және қайта өндеу өнімдері);

Барша қала тұрғындарын жәрмеңкеге қатысуға шақырамыз!