Құрметті Орал қаласының тұрғындары және қонақтары! Орал қаласының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі 2019 жылдың 12 маусым күні сағат 18:00-ден 23:00-ге дейін, "Түлек-2019" мектеп бітірушілер кешінің өтуіне байланысты, Сарайшық көшесінен Карев көшесіне дейін Н. Назарбаев даңғылының жолы жабылатындығын хабарлаймыз. Осыған орай, қоғамдық көлік қозғалысы Есқалиев, Дәулеткерей, Карев көшелері арқылы және ары қарай өз бекітілген сұлбасы бойынша жүретін болады. Жол кептелісін болдырмау үшін, жол жүру бағытыңызды алдын ала жоспарлауыңыз сұралады. Уақытша келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.