Бүгін ҚР Тұңғыш Президент күніне орай Меловые горки ауылында спорттық алаң ашылды. Спорттық алаң шағын футбол, волейбол, баскетбол ойындарына арналған. Құрылыс жұмыстарын мердігер «Жайық Сити» ЖШС қыркүйек-қараша айларында жүргізді. Алаңның жалпы көлемі 510 шаршы метр құрайды. 
Жалпы ағымдағы жылы Орал қаласы бойынша 20 көпфункционалды спорттық және балаларға арналған ойын алаңдарының құрылыс жұмыстары басталып бірқатары қолданысқа берілсе, қалған нысандар алдағы жылдың еншісінде қалды