Бүгін облыс әкімдігінде  Орал қаласының әкімі М. Мұқаев  облыс орталығы - Орал қаласын дамыту мәселесі бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады. Кеңес жұмысы БҚО әкімі А.Көлгіновтің төрағалығымен өтіп,  қаладағы Президенттің 5 әлеуметтік бастамасы, «Smart city» тұжырымдамасының іске асуы, әлеуметтік нысандарды салу мен инфрақұрылымды дамыту және қаланы абаттандыру шараларына арналды.  Облыс әкімі Алтай Көлгінов мемлекет пен жеке-меншік әріптестігі тетіктерін кеңінен қолдану қажеттігін атап өтті. «Қалада құрылыс-жөндеу жұмыстары жақын арада басталады. Біз бұл мәселеге ерекше назар аударуымыз керек. Бұл жұмысқа қатысушыларға жауапкершілікті еске салу қажет. Осы бағытта сапа мен мерзім жұмысымыздың негізгі қағидалары болмақ», - деді Алтай Көлгінов.
Бұдан басқа, облыс әкімі «Smart city» тұжырымдамасын іске асыру бойынша жұмысты күшейту қажеттігін атап өтті. Осыған байланысты қала әкіміне «Цифрлық Қазақстан» аясында жүзеге асырылып жатқан барлық жобалардың жүйелі деңгейге шығарылуын қарастыруды тапсырды.
Жиналыс қорытындысы бойынша алда тұрған міндеттерді орындау мақсатында қала әкімі мен тиісті басқармалар басшыларына тапсырмалар берілді. 
Фото:Александр Куприенко.