Бірінші. Үміткерлер кәсіпкерлік қызметке жәрдемдесу шаралары бойынша консультациялар алу үшін және Бағдарламаға қатысушыларға сәйкес келуі тұрғысынан тексеруден өту және жолдама алу үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарына (Құрманғазы көш,173) жүгінеді.
✅Екінші. Ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер кәсіпкерлік негіздерін оқыту курстарына қатысуға жіберіледі (Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарына қатысу үшін Чаган-Набережный,84 мекен-жайында орналасқан БҚО бойынша Кәсіпкерлер палатасына жолығу қажет, ХҚКО). Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер кредиттерді/микрокредиттерді кәсіпкерлік негіздерін оқыту курстарына қатыспай ала алады.
✅Үшінші. Бағдарламаға қатысушылар жобаның бизнес - жоспарын әзірлеп (БҚО бойынша Кәсіпкерлер палатасы бизнес жобаны әзірлеу барысында көмек көрсетеді және банкке/қаржы ұйымына дейін сүйемелдейді) кредит алу бойынша ЕДБ/ШНҰ өтініш білдіреді ( «ЦентрКредит Банкі»АҚ, «Қазақстанның Халық банкі», «Сбербанк» АҚ).
✅Төртінші. Кредиторлар әлеуетті бизнес-жобаға бағалау жүргізеді, қорытынды береді және кредитті берудің мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды.