14 тамыз күні сағат 11:00-де zem.kz порталында коммерциялық бағыттағы объектілер құрылысы үшін жер учаскелерін жалдау құқығын сату бойынша ағылшындық әдіспен аукцион өткізіледі. Аукционға коммерциялық бағыттағы Орал қаласынан Желаев селосынан және Зачаганск кентінен 6 жер учаскелері ұсынылады. Аукцион қатысушыларын тіркеу ақпараттық хабар жарияланған күннен бастап жүргізіледі және аукцион басталғанға дейін (жиырма төрт) сағат бұрын аяқталады. Аукцион қатысуға өтініштер zem.kz порталында қабылданады, толық ақпарат Орал қаласы әкімдігінің Ресми интернет-ресурсында uralsk.gov.kz және анықтама үшін телефон: 8 (7112) 50-08-75.